06.02.2008, 17:40 3414

Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамлеясының 18 сессиясы 2009 жылдың қазан айына шегерілді

Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамлеясының 18 сессиясы 2009 жылдың қазан айына шегерілді

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамлеясының 18 сессиясы 2009 жылдың қазан айына шегерілді. Мұндай келісімге ҚР туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов пен Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Франческо Франжиаллидің Мадридте өткен халықаралық FITUR көрмесі аясындағы кездесуінде қол жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ТСМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, Досмұхамбетов жасаған баяндамасында 2009 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының 18 сессиясын аймақтағы ауа райының өзгешелігіне байланысты тамыз айына ауыстыру жөнінде ұсынысын жеткізген. Ал негізі сессиялар қараша-желтоқсан айларында екі жылда бір рет өткізіледі.

Алайда, Еуропа елдеріндегі тамыз демалыстары мен мусылмандардың қыркүйекте өтетін қасиетті Рамазан айлары ескеріліп, Дүнижүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының 18 сессиясын қазан айының бірінші он күндігінде өткізу белгіленді.

Қазақстанда өтетін туристік форум жұмысына әлемдегі 160 елдің туризм саласының мыңнан аса өкілі қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Астанада өтетін бұл шараның дайындығы мен өткізу жөніндегі жобасының келісім -шарты талқыланып, екі жақтың ұйымдастыру және техникалық жағдайлары да қарастырылды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Колумбияның Картахена де Индиас қаласында 2007 жылдың қараша айында, біздің мемлекет алғаш рет Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамлеясының Атқару кеңесіне сайланып, Бас ассамблеясының шешімімен Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Т. Досмұхамбетов Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны