09.10.2017, 13:32 4597

"Дүниежүзілік туризм күні" аясында Қызылорда облысында бірнеше ауданға туристік экспедиция ұйымдастырылды

"Дүниежүзілік туризм күні" аясында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасыныӊ бастамасымен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылып, жастардан жасақталған топ тарихи маӊызы бар ескерткіштер мен мұражайларды аралады.

Қызылорда. 9 қазан. Kazakhstan Today - "Дүниежүзілік туризм күні" аясында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасыныӊ бастамасымен Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына туристік экспедиция ұйымдастырылып, жастардан жасақталған топ тарихи маӊызы бар ескерткіштер мен мұражайларды аралады.

Экспедиция құрамындағы орта және жоғарғы оқу орындарыныӊ 50-ден астам студенті Арал қаласындағы И.Нұрпейісовтіӊ әдеби, шығармашылық мұражай үйі мен балықшылар мұражайын аралап, Ийтеке би кентіндегі "Жанқожа баба" кесенесінде болды.

Жастар экспедициясы Қармақшы ауданындағы "Қорқыт Ата" кешені мен этноауылды тамашалаумен аяқталды.

Сондай-ақ, олар аудандардыӊ мұражай алаӊдарында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы шеӊберінде "Жаӊғырған жастар" ұранымен концерттік іс-шара өткізді.

Іс-шараға белсене қатысқандарға алғыс хат пен сертификаттар беріліп, түрлі сыйлықтар жасалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны