20.06.2008, 16:50 3754

Дүниежүзінде 2030 жылы атом реакторларының саны 60%-ға өседі - Халықаралық атом энергиясы агенттігі

Дүниежүзінде 2030 жылы атом реакторларының саны 60%-ға өседі - Халықаралық атом энергиясы агенттігі

Алматы. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Таяу он жылда атом электр станциялары (АЭС) электр қуатының шешуші көздерінің біріне айналады. 2030 жылы әлемдегі АЭС саны 60%-ға өседі. Бұл туралы Халықаралық атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары (МАГАТЭ) Юрий Соколов Оңтүстік Кореяда осы елде атом энергетикасының негізі қалануының 30-жылдығына орай мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Бүгінгі жағдаймен дүниежүзінде 440 жуық атом электр станциясы жұмыс істейді. Олардың бәрі де әлемнің 30 елінде шоғырланған. 103 АЭС АҚШ-та, 59 -ы Францияда, 55-і - Жапонияда және 31-і Ресейде орналасқан. Қазір тағы да 30 реактор салынуда. Олардың басым бөлігі дамушы елдерде.

Атом электр станцияларының үлесіне әлемде өндірілетін электр қуатының 16% тиеді. Жекелеген елдерде бұл көрсеткіштер айрықша айырмашылықта: Францияда ядролық электр станцияларының үлесіне елде тұтынылатын барлық электро қуатының 78%, ал Қытайда - бар-жоғы 2% тиеді. Алайда, кейінгі уақытта энергетикалық тәуелділіктің күрт өсуіне байланысты Азия елдері жаңа қуат көздерін, соның ішінде жаңа АЭС салу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі өкілінің мәлімдеуінше, атом энергиясы - әлемдегі барлық елдердің таңдауы емес, бірақ, осы жолға жаңадан түскен елдер ядролық жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуына, ал ядролық материалдардың сенімді сақталуына қол жеткізуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны