12.03.2009, 16:46 2791

Дұрыс пікірлі саясаткерлер дағдарыс кезеңіндегі ықпалдастық пен ынтымақтастық жөніндегі "Нұр Отан" партиясының бастамасымен дайындалған меморандумға қол қоюға тиіс - Қалетаев (толықтырылған)

Дұрыс пікірлі саясаткерлер дағдарыс кезеңіндегі ықпалдастық пен ынтымақтастық жөніндегі "Нұр Отан" партиясының бастамасымен дайындалған меморандумға қол қоюға тиіс - Қалетаев (толықтырылған)

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының пайымдауынша, дұрыс пікірлі саясаткерлер ертең, 13 наурызда партиясының бастамасымен дайындалған дағдарыс кезеңіндегі ықпалдастық пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға жаппай қол қоюға тиіс. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев сенат депутаттарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ертең "Нұр Отан" партиясының бастамасымен дайындалған меморандумға қол қоюға ниет білдіргендердің баршасын күтетін боламыз", - деді Д. Қалетаев.

"Өзін саясаткермін деп санайтын барлық парасатты жандар елдің, халықтың ортақ мүддесін бірінші орынға қоюға тиіс. Біз барлық саяси күштерді дағдарысты кезеңінде бірлесуге, еліміздің көшбасшысының айналасында топтасуға шақырамыз", -деп мәлімдеді ол.

Сенаттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ, бүгін жоғарғы палатаның төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған сенат депутаттарының "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаевпен кездесуінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 6 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауының рөлі мен маңызына қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесуді аша келіп парламенттің жоғарғы палатасының басшысы Қ.Тоқаев қатысушыларға дағдарыс жалғасып отырған уақыттағы негізгі стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының ерекше рөлін атап өтті.

Жалпы халықтық міндеттерді шешуге қазақстандықтарды біріктіруге және жұмылдыруға ықпал ете алатын, жауапты және халықтық саяси ұйым ретіндегі партияны нығайту мәселелеріне қатысты сенат төрағасы "Нұр Отан" Халықтық- демократиялық партиясының алдында тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.

Партия бірінші кезекте шоғырландыруы тиіс жұмыс бағыты ретінде Қ.Тоқаев мамандарды жаңғыртуды белгіледі.

"Біз бүгінде өзгеріс мезгілін бастан өткеріп отырмыз, сондықтан осы жағдайда партия пікірсайысқа, нақты жұмыс пен іс-қимылды күтіп отырған халыққа партия саясатын түсіндіруге әзір болуға тиіс",-деді төраға.

"Партия қоғамның барлық сұраныстарына жедел жауап бере алатын жасампаздық күші бола отырып, ол мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген нақты тапсырмаларын орындау жүктелген атқарушы биліктің іс-қимылын бақылауға тиіс",-деді палата басшысы.

Кездесу барысында сенат төрағасының орынбасары М.Көпеев, депутаттар Ө.Байгелди, А.Башмаков, Б.Жылқышиев, Б.Досманбетов, Е.Аман сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны