22.06.2007, 14:42 2788

Душанбеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы орталығының екі қызметкері зардап шегіп, олардың біреуі қаза тапты

ДУШАНБЕ. 22-маусым. Kazakhstan Today. Душанбеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы орталығының екі қызметкері зардап шегіп, олардың біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі республиканың ІІМ-іне сілтеме жасап.

Жол апаты кеше кешке 201-ші Ресей әскери базасының әскери ауруханасының жанына таяу жерде болған. ДЭУ автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Душанбедегі орталығының 47 жастағы қызметкері Мортен Лодоен мен 45 жастағы Арне Штейнді жаяу келе жатқан кезде қағып кеткен. "Олардың екеуі де Дьяков атындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Лодоен бүгін таңертең жарақат салдарынан қайтыс болса, Штейннің халі ауыр", деп хабарлайды ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны