26.05.2006, 16:57 2998

Душанбеде өтетін халықаралық конференцияда Орталық Азияда құрт ауруымен күрес шараларының жоспары жасалады

ДУШАНБЕ. 26-мамыр. Kazakhstan Today. 29-мамырда Душанбеде басталатын екі күндік халықаралық конференцияда Орталық Азияда құрт ауруымен күрес шараларының жоспары жасалып, онымен күрес және алдын алу проблемалары талқыланады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

Бас қосуға құрт ауруын емдеу және оның алдын алумен белсенді шұғылданып жүрген жетекші мамандар мен сарапшылар қатысып, осы бағыттағы тәжірибесімен алмасып, Орталық Азияда аталмыш дерттің алдын алу және онымен күрес саласындағы жетістіктерді талқылайды. Сонымен бірге құрт ауруына қарсы күрес саласындағы күш-жігерді біріктіруге бағытталған аймақтық шаралардың жоспарын жасап, аймақ елдеріндегі тиісті ұлттық бағдарламаларды табысты жүзеге асыруға бағытталған нұсқаулар жасалады.

Бас қосуды Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі Германия үкіметінің Неміс даму банкі арқылы көрсеткен қаржылық көмегімен ұйымдастырады.
Тәжікстан мемлекеттік статистикалық комитетінің мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында алғаш рет анықталған құрт ауруына шалдыққандар саны 833 адамды құрады. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 28 процентке артық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны