18.08.2008, 17:25 2808

Душанбеде ШЫҰ саммитінің қарсаңында қауіпсіздік шаралары қатайтылуда

Душанбеде ШЫҰ саммитінің қарсаңында қауіпсіздік шаралары қатайтылуда

Алматы. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастық ұйымының Душанбеде өтетін саммитінің қарсаңында Тәжікстанның құқық қорғау органдары бүгіннен бастап күшейтілген қызмет тәртібіне көшірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстанның ІІМ хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары негізінен ШЫҰ мүше мемлекеттердің басшыларының отырысы өтетін Душанбе қаласында күшейтіледі.

ІІМ өкілінің айтуынша, шара қарсаңында қала көшелерінде кезекшілік атқаратын милиционерлердің саны бірнеше мәрте ұлғайтылады.

"Арасында ресми делегация және БАҚ өкілдері бар Душанбе қонақтарының саны осы күндері 5 мыңнан асады деп күтіліп отыр", - деп хабарлады республиканың Сыртқы істер министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны