05.05.2008, 16:44 3255

Душанбеде жаңа халықаралық медиа-ұйым тіркелді

Душанбеде жаңа халықаралық медиа-ұйым тіркелді

Душанбе. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күнінің қарсаңында Тәжікстанда жаңа халықаралық қоғамдық ұйым Парсы тілдес бұқаралық ақпарат құралдарының "Афруз" қауымдастығы тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Медиа-ұйымның құрылтайшыларының бірі Адолати Мирзоның хабарлауынша, жаңа қауымдастықтың мақсаты ТМД елдерінде және бүкіл дүниежүзінде жұмыс істеп жүрген парсы тілдес журналистерді қорғау болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек, ұйымды құру идеясын алғаш рет 2007 жылдың 11-12 наурызында Душанбе қаласында өткен парсы тілдес журналистердің бірінші форумына қатысушылар айтқан болатын.

Онда сол кезде Ауғанстан, Иран, Ресей Федерациясы, Өзбекстан елдеріндегі 60-тан астам БАҚ өкілдері қатысқан еді.

Форум аясында Парсы тілдес журналистердің халықаралық қауымдастығы құрылған. Ал оның төрағасы болып А. Мирзо сайланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны