09.07.2026, 15:21 45491

Джеки Чан Алматыға "Доспехи бога: Ультиматум" фильмінің тұсаукесеріне келді

Джеки Чан Алматыға "Доспехи бога: Ультиматум" фильмінің тұсаукесеріне келді
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Алматыға "Доспехи бога: Ультиматум" фильмінің тұсаукесер рәсіміне қатысу үшін әлемге әйгілі актер Джеки Чан келді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сапар барысында Джеки Чан Алматының дарынды жас суретшілерімен және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жас кинематографистерімен кездесті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ол жастарға шығармашылық табыс тілеп, өз ісін сүю мен үздіксіз дамудың маңызын атап өтті. Кездесу соңында балалар әйгілі актерге өздері салған портреттерін сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетсек, фильмнің түсірілімі Қазақстан аумағында 2026 жылдың шілде-қазан айлары аралығында қазақстандық режиссер Роберт Кунның жетекшілігімен өтеді. Картина халықаралық кең прокатқа шығарылады. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстары болады деп жоспарлануда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны