25.06.2015, 10:02 2807

Джохар Царнаев соӊғы сөзінде Бостондағы теракттан жапа шеккендерден кешірім сұрады

Джохар Царнаев Бостондағы сотта теракттан жапа шеккендерден кешірім сұрады. Ол бүгін ресми түрде өлім жазасына кесіледі

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Джохар Царнаев Бостондағы сотта теракттан жапа шеккендерден кешірім сұрады. Ол бүгін ресми түрде өлім жазасына кесіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мен теракт құрбандарынан және одан аман қалғандардан кешірім сұрағым келеді. Мен жарылысты ұйымдастырғаным үшін кінәлімін, оған еш күмән жоқ", - дегенін CBS каналыныӊ корреспонденті сот залынан хабарлайды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Царнаев бүкіл сот үдерісі барысында алғаш рет сотта сөз сөйлеу құқығын пайдаланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны