06.01.2015, 12:13 3967

Джохар Царнаевқа қатысты сот процесі 3-4 айға созылуы мүмкін

2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтыӊ ісі Бостон федералдық сотында қаралып жатыр.

Бостон. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтыӊ ісі Бостон федералдық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдағы 3 күн ішінде сотқа 1200 адам шақырылады. Олардыӊ арасынан қылмыстық істі қарайтын соттыӊ уақытша мүшелері тағайындалады. Бұл туралы ВВС хабарлады, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Сот ісініӊ төрағасы Джордж О'Тулдыӊ айтуынша, іске қатысты негізгі процесс 26 қаӊтардан бастап 3-4 айға созылады. Ағайынды Цараневтарға жарылыс ұйымдастырды деген айып тағылған болатын. Бауырлардыӊ бірі қаза тауып, қазіргі кезде екіншісіне Бостон марафоны кезінде болған жарылысқа қатысты сот ісініӊ жазасы берілмек. Айта кетейік, жарылыс нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақат алған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны