28.06.2016, 14:52 4067

Е.Иубәкіровтыӊ өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған Аян Мейірбаев қамаудан босатылды

Алмас Сәдубаевтыӊ айтуынша, Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау оныӊ әрекеттерінде қылмыс құрамыныӊ жоқтығына байланысты тоқтатылған. Қазір Ерасыл Иубәкіровтіӊ ісіне қатысты тергеу жұмысы аяқталуға жақын.

Астана. 28 маусым. Kazakhstan Today - Астаналық студент Ерасыл Иубәкіровтіӊ ісі бойынша күдікті Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл ж?не ақпарат департаментініӊ директоры Алмас Сәдубаев м?лімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР Шұғыл тергеу тобы Ерасыл Иубәкіровтіӊ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал Астана қаласы Прокуратурасыныӊ бақылауымен күдікті ?шімбаев, Шерстенев, Тихоненкоға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. 2016 жылдыӊ 7 мамырында Астананыӊ прокуратурасыныӊ шешімімен Мейірбаевқа қатысты Қылмыстық кодекстіӊ 153-бабына сәйкес қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы алынып тасталды. Ол қамаудан босатылды", - деді А.Сәдубаев, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Алмас Сәдубаевтыӊ айтуынша, Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау оныӊ әрекеттерінде қылмыс құрамыныӊ жоқтығына байланысты тоқтатылған. Қазір Ерасыл Иубәкіровтіӊ ісіне қатысты тергеу жұмысы аяқталуға жақын.

Естеріӊізге сала кетейік, 23 жастағы Ерасыл Иубәкіровтіӊ мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Иубәкіров елордадағы медициналық университеттіӊ 6-курс студенті болатын. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оныӊ жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны