Система Orphus

Еңбек министрлігі мүгедек қызды зорлау туралы мәлімдемеден кейін интернатты тексеруді бастады

25.01.2021 15256
Шымкент. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен Шымкент қаласы әкімдігінің "№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын тексеру мақсатында мониторингтік топ құрылады. Бұған дейін қала тұрғыны мүгедек қызының жеті жыл бойы осы интернатта зорлағанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мониторингтік топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және т. б. өкілдері кіреді. Комиссия қамқорлыққа алынғандарға қатысты тұру, тамақтану, төсек-орын жабдықтарымен, киіммен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілу жөніндегі стандарттардың сақталуын, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтердің сапасын тексереді", - деп хабарлады Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Ведомствода нақтылағандай, Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың Instagram-пабликіндегі үндеу хаты тексеру жүргізуге негіз болды. Әйел І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорлағанын хабарлады. Оның айтуынша, қызы есінен танып қалған кезде оны пайдаланған, қыз эпилепсиядан зардап шегеді.
 
Айта кетейік, қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің "Бірнеше рет жасалған зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны