03.08.2019, 00:30 11379

ЕҚЫҰ Қазақстанда БАҚ саласындағы заңнама бойынша конференцияны бірлесіп ұйымдастыруда

Олар БАҚ саласындағы заңнамаға күтілетін өзгертулер негізінде осы заңнаманың бірқатар аспектілерін талқылап, оларға талдама жүргізді.

Нұр-Сұлтан. 3 тамыз. Kazakhstan Today - ЕҚЫҰ қолдаған БАҚ саласындағы заңнама бойынша конференция 25-ке жуық мемлкеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, еліміздің әр аймағынан келген заңгерлер, журналисттер мен медиа-сарапшылар үшін 2019 жылғы 31 шілдеде Нұр-Сұлтанда өткізілді.

Олар БАҚ саласындағы заңнамаға күтілетін өзгертулер негізінде осы заңнаманың бірқатар аспектілерін талқылап, оларға талдама жүргізді.

Қатысушылар сөз бостандағы туралы халықаралық стандарттарға сәйкес БАҚ саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру үшін заң шығарушылар мен медиа-сарапшылар үшін ұсыныстар тізімі мен "жол картасын" дайындады. Сонымен бірге, қатысушылар мемлекет пен БАҚ арасындағы өзара қарым-қатынасқа қатысты халықралық және ұлттық практикалар, интернеттегі ақпаратты заңнамалық реттеу, жаңа медиа құралдар, диффамация, медианың мемлкеттік қаржыландыруы, және де басқа мәселелер талқыланды.

Іс-шараны ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорымен, Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдігімен, Артикль 19 үкіметтік емес ұйымымыен және Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Бас комиссары басқармасының Орталық Азия үшін Аумақтық офисімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды.

Іс-шара ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігі мен пікір білдіру еркіндігін ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны