31.08.2016, 19:28 7042

"Егемен Қазақстан" газетініӊ шетелдердегі арнаулы тілшілер қосынын ашу жоспарланып отыр

"Егемен Қазақстан" газеті ертеӊ, 1 қыркүйектен бастап жаӊа дизайнда жарық көреді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрлігініӊ Орталық коммуникациялар қызметінде "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.

Астана.31 тамыз. Kazakhstan Today - "Егемен Қазақстан" газеті ертеӊ, 1 қыркүйектен бастап жаӊа дизайнда жарық көреді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрлігініӊ Орталық коммуникациялар қызметінде "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп хабарлайды газеттіӊ сайты.

Дархан Қыдырәлі бүгін газеттіӊ жаӊа макетін таныстырып, өзге де елеулі өзгерістер жөнінде әӊгімелеп берді.

Басқарма төрағасы атап өткендей, газет атауыныӊ жазылу стилі, бояуы және қаріпі, сондай-ақ ішкі мазмұндық құрылымы өзгерген. Сонымен қатар, басылымныӊ заманауи талаптарға сай, әртүрлі қолданысқа ыӊғайлы әмбебап логотипі жасалды. "Бірінші кезекте, отандық және шетелдік танымал басылымдардыӊ дизайндары жан-жақты зерделеніп, баспасөзге бүгінгі күн тұрғысынан қойылып отырған талап-тілектер, қолданыстағы тәжірибелер сараптан өткізілді", - деді Дархан Қыдырәлі.

Еске сала кетейік, басылымныӊ таяуда жалпы стратегиялық даму тұжырымдамасы әзірленіп, оны Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мақұлдаған болатын. Газеттегі өзгерістіӊ барлығы осы Стратегиялық құжатқа сәйкес жасалған.

1 қыркүйектен бастап "Егемен Қазақстан" республикалық газетініӊ Астанадағы таралымы толығымен түрлі-түсті бояумен шығады.

Дархан Қыдырәлініӊ айтуынша, басылымныӊ басқа өӊірлердегі таралымы түрлі-түсті бояуға жергілікті полиграфия кәсіпорындарыныӊ мүмкіндіктеріне қарай жаӊа жылдан бастап көшеді.

"Біз келешекте еуропалық стандарттағы А2- форматына көшу мүмкіндігін де қарастырып жатырмыз. Егер бұл форматқа көшсек, газетті көліктегі, ұшақтағы жолаушылардыӊ оқуына өте қолайлы болар еді деп ойлаймыз", - деді Д.Қыдырәлі.

Сонымен қатар, "Егемен Қазақстан" газетініӊ шетелдердегі арнаулы тілшілер қосынын ашу да жоспарланып отыр. Басқарма төрағасы қазір бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Бірінші кезекте алыс-жақын шетелдер, соныӊ ішінде Қазақстанмен маӊызды стратегиялық серіктес елдер назарға алынбақ", - деді ол.

"Егемен Қазақстан" газетініӊ интернет-сайтында алдағы уақытта орыс және ағылшын тіліндегі нұсқалар іске қосылады, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Бүгінгі уақыт жедел ақпарат заманы болғандықтан, газеттіӊ интернет-сайтын дамытуға да айрықша көӊіл бөлініп отыр. Негізгі мақсат - сайтты жедел әрі сенімді ақпараттық порталға айналдыру

"Газеттіӊ интернет сайты басылым материалдарына тәуелді болмауы керек. Яғни, сайт газетте жарияланған мақалаларды көшіріп басып қана отырмауы тиіс. Өйткені, газеттіӊ өз оқырманы, интернеттіӊ өз оқырманы бар. Сондықтан біз де сайттыӊ дербес жұмыс істеуіне ерекше көӊіл бөле бастадық. Онда жарияланатын ақпараттар легін арттырдық. Сәйкесінше, біздіӊ сайтты оқитын оқырмандар қатары да көбейді. Жалпы, біз "Егеменніӊ" сайты болашақта ақпарат кеӊістігінде өзіндік орны мен салмағы бар, еӊ сенімді әрі жылдам ақпарат тарататын толыққанды интернет порталға айналуы тиіс деп санаймыз. Бұған қажетті мүмкіндіктер бізде баршылық. Соған байланысты бірқатар жоспарларымыз да бар. Атап айтсақ, сайттыӊ көзі нашар көретіндерге арналған және орыс, ағылшын тілдерінде шығатын нұсқаларын ашу, аудио-газет қосымшаларын енгізу, мультимедиалық мүмкіндіктерін арттыру сынды жұмыстарды қолға алуды жоспарлап отырмыз", - деді басқарма төрағасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны