01.06.2009, 17:09 2708

Египетте Қазақстан азаматтарының ұсталуына олардың елде болу ережелерін бұзуы себеп болған - ҚР СІМ

Египетте Қазақстан азаматтарының ұсталуына олардың елде болу ережелерін бұзуы себеп болған - ҚР СІМ

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Египетте Қазақстан азаматтарының ұсталуына олардың елде болу ережелерін бұзуы себеп болған. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Еліміздің Каирдегі елшілігінің нақтылаған мәліметінше, Қазақстанның барлығы төрт азаматы ұсталған, олардың үшеуі қазіргі жағдаймен босатылды", - деп мәлімдеді Е. Ашықбаев.

ҚР СІМ өкілінің ақпаратына сәйкес, елшілік қазір Қазақстанның төртінші азаматына қатысты Египеттің құқық қорғау органдарымен тиісті жұмыстар жүргізуде. Е. Ашықбаевтың айтуынша, "еліміздің азаматтарын ұстауға басты себеп - шетел азаматтарының Египетте болу ережелерін бұзуы әсер еткен, яғни, не олардың визасының мерзімі өтіп кеткен, немесе, олар шетелдіктердің сол елде болуына қатысты қандайбір ережені бұзған".

"Шетелдерге шығып жатқан Қазақстан азаматтарының назарын сол өздері барған немесе баратын елде болу ережелеріне қатаң бағыну қажеттігіне аударғымыз келеді", - деді ресми өкіл.

Сонымен бірге, Е. Ашықбаев Қазақстан азаматтары шетелде ұзақ уақыт бойы болған жағдайда консулдық есепке тұруы қажет екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны