01.06.2009, 14:17 1272

Египетте ұсталған ТМД азаматтарының ішінде Қазақстанның үш азаматы бар - ҚР СІМ

Египетте ұсталған ТМД азаматтарының ішінде Қазақстанның үш азаматы бар - ҚР СІМ

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Египетте ұсталған ТМД азаматтарының ішінде Қазақстанның үш азаматы бар. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, Қазақстанның үш азаматы Каирде ұсталып отыр. Нақты ахуалды анықтау аса қиын", - деді І. Омаров.

"Бастапқыда Қазақстанның сегіз азаматы ұсталыпты-мыс деген ақпарат болған. Кейін кейбіреуін босатып жіберген. Ал енді бір мәліметке сәйкес ұсталғандар - төртеу. Қазір біз осы ақпаратты күтіп отырмыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны