12.04.2016, 12:57 3579

"Еgov.kz" мобильдік қосымшасы арқылы 2,3 млн астам қызмет көрсетілді - С.Сәрсенов

"Электронды үкіметті қалыптастыру кезіндегі жүйелік әдіс есебінен 2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша 81 орыннан 28 орынға 53 позицияға көтерілді", - деп атап өтті С.Сәрсенов

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - "Еgov.kz" мобильдік қосымшасы арқылы 2,3 млн астам қызмет көрсетілді, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сарсенов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Электронды үкіметті қалыптастыру кезіндегі жүйелік әдіс есебінен 2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша 81 орыннан 28 орынға 53 позицияға көтерілді", - деп атап өтті С.Сәрсенов, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, вице-министр баса айтып өткендей, электронды қызмет көрсетудіӊ инфрақұрылымын дамытудыӊ маӊызды кезеӊі мобильдік байланыстыӊ және мобильдік технологиялардыӊ халық ішінде белсенді енуін ескергенде мобильдік үкімет құру болып табылады.

"Қазіргі таӊда "egov.kz" мобильдік қосымшасы арқылы азаматтар шамамен 80 түрлі қызметтер мен сервистер алады. Қазіргі уақытта 2,3 млн астам қызмет көрсетілген", - деді вице-министр.

Мысалға, оныӊ айтуынша, бүгінніӊ өзінде азаматтар смартфон арқылы медициналық ұйымға тіркеліп, шетелге шықпас бұрын қарызгерлер тізімінен өз аты-жөнін тексере алады және некені тіркеуге электронды өтінім бере алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны