17.07.2018, 21:49 5462

eGov.kz порталыныӊ Telegram желісінде жаӊа үш қызмет іске қосылды

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігініӊ үш қызметініӊ іске қосылғанын хабарлайды.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігініӊ үш қызметініӊ іске қосылғанын хабарлайды.

Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрай алады:

o Емханаға тіркелу;

o Дәрігер қабылдауына жазылу;

o Дәрігерді үйге шақыру.

Осылай, @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердіӊ саны 10-ға жетті.

Бот арқылы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктіӊ болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы, жеке тұлғаныӊ басқа заӊды тұлғаларда қатысуы туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алуға болатынын, естеріӊізге саламыз. Бұдан басқа базалық зейнетақы төлемініӊ мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеруге болады.

Қызметті алу үшін "Мобильдік азаматтар базасында" тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталыныӊ Жеке кабинетінде тіркеп, өзініӊ гаджетінде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу жүзеге асырылсын. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардыӊ нәтижесін бірден пайдаланушыныӊ электрондық поштасына жіберуге болады.

Қазіргі таӊда Telegram-ботқа 8218 адам жазылды, оны іске қосу сәтінен бастап олар 8517 сұраныс жасады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған кезде тәулік бойы 1414 нөмірі арқылы тегін кеӊес беретін Бірыӊғай байланыс орталығына жүгінуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны