23.07.2015, 18:23 3645

eGov пайдаланушыларыныӊ саны 4 миллионға жетті

Қазақстанныӊ электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді. eGov-тыӊ мерейтойлық пайдаланушысы Ақтөбе қ. тұрғыны Анна Вендер болып шықты

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді. eGov-тыӊ мерейтойлық пайдаланушысы Ақтөбе қ. тұрғыны Анна Вендер болып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

eGov танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Бұдан 7 ай ғана бұрын портал пайдаланушыларыныӊ саны 3 миллион белгісінде болды. Ал өткен жылдыӊ сәуір айында бұл сан 2 миллионды құрады.

Пайдаланушылар саныныӊ артуы кездейсоқ емес - жыл сайын порталда қызметтердіӊ саны артып келеді. Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу арналары кеӊейіп жатыр. eGov қызметтерін ХҚКО-да, қарапайым компьютер арқылы, қоғамдық қол жеткізу пунктілерінен, eGov мобильдік қосымшасы және SMS-арнасы арқылы пайдалануға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін оӊтайландыру жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылдан бастап электрондық үкімет порталы пайдаланушыларды жеке басты куәландыратын құжаттардыӊ, жүргізуші куәлігініӊ қолданылу мерзімініӊ өткені туралы, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу керектігі, айыппұлды өтеу қажеттілігі және басқалары туралы хабарландырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны