04.07.2018, 14:52 3457

ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстандағы қоғамдық кеӊестер қызметін жетілдіру жөніндегі шараларды оӊ бағалады

Вице-министр Абзал Нүкенов осы күндері Париж қаласында (Франция) өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесініӊ пленарлық отырысына қатысты. Онда Қазақстанныӊ аралық есебі тыӊдалды.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - ЭЫДҰ (ОЭСР) сарапшылары Қазақстандағы қоғамдық кеӊестер қызметін жетілдіру жөніндегі шараларды оӊ бағалады.

Вице-министр Абзал Нүкенов осы күндері Париж қаласында (Франция) өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесініӊ пленарлық отырысына қатысты. Онда Қазақстанныӊ аралық есебі тыӊдалды.

Отырыстыӊ негізгі мақсаты - сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Стамбулдық іс-қимыл жоспарын талдаудыӊ 4-ші кезеӊі аясында Армения, Қырғызстан және Украинаныӊ талдау есебін, сонымен қоса Изірбайжан, Қазақстан, Грузия, Монғолия, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан бойынша аралық есептерді талқылау және бекіту.

Вице-министр Абзал Нүкенов өз сөзінде қоғамдық кеӊестерді жетілдіру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Ол қоғамдық кеӊестер жөніндегі заӊ жобасы тұжырымдамасыныӊ жобасы әзірленіп, ҚР Иділет министрлігіне енгізілгенін атады. Өзгерістер қоғамдық кеӊес мүшелерін қалыптастыру, ротациялау, өкілеттіктерін тоқтату механизмдері және кеӊес қызметін қаржылай, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болады. Сонымен қатар, қоғамдық кеӊестерге мемлекеттік органдардыӊ қатысуын 10 пайызға дейін қысқарту ұсынылуда.

Қолданыстағы заӊнамаға сәйкес мемлекеттік органдардыӊ қоғамдық кеӊестерге қатысуы мүшелерініӊ жалпы саныныӊ үштен бір бөлігінен аспауы тиіс.

ЭЫДҰ сарапшылары өз кезегінде, Қазақстанда қоғамдық кеӊестерді жетілдіру бойынша қабылданып жатқан іс-шараларға оӊ баға берді.

Айта кетейік, ЭЫДҰ форумы шеӊберінде түрлі ел үкіметтері әр саладағы өзініӊ саясатыныӊ тиімділігін салыстырып, тәжірибе алмасып, жаӊа талаптардыӊ ескерілуімен таӊдаулы тәжірибелерді анықтайды және өз мемлекеттерініӊ азаматтарына қалыпты жағдай жасауүшін үздік саясатпен қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер мен ұсынымдарды қабылдауды қолдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны