25.04.2008, 16:48 3153

ЭЫҰ мүше мемлекеттердің көлік және коммуникация министрлерінің мәжілісінде Алматы-Стамбул бағыты бойынша контейнерлік пойыздар қозғалысын ашу мәселесі қарастырылды

ЭЫҰ мүше мемлекеттердің көлік және коммуникация министрлерінің мәжілісінде Алматы-Стамбул бағыты бойынша контейнерлік пойыздар қозғалысын ашу мәселесі қарастырылды

Астана. 25 -сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ЭЫҰ мүше мемлекеттердің көлік және коммуникация министрлерінің мәжілісінде Алматы-Стамбул бағыты бойынша контейнерлік пойыздар қозғалысын ашу мәселесі қарастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Түркияның Анталья қаласында сәуірдің 15 -17 аралығында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше-мемлекеттердің көлік және коммуникация министрлерінің 7-ші мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліс аясында, сонымен қатар, жоғары лауазымды тұлғалардың отырысы да өткізілді. Түркияның Көлік және коммуникация министрі Б.Йылдырымның төрағалығымен өткен 7-ші мәжіліске Ауғанстан, Изербайжан, Иран, Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан делегациялары қатысты. Ал, Қытай Халық Республикасының өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.

Мәжіліс барысында бұдан бұрын қабылданған Іс-шаралар бағдарламасының жүзеге асу нәтижелері, 2008 жылы жоғары деңгейлі сарапшылар тобының кездесуін өткізу мәселелері, басқа да қаржы институттарын тарту мәселелері қарастырылды. ЭЫҰ хатшылығы Транзиттік-көліктік үйлестіру кеңесінің және оның техникалық комитеттерінің жұмысы туралы есеп берді.

Мәжіліс кезінде Алматы-Стамбул бағыты бойынша контейнерлік пойыздар қозғалысын ашу мәселесі қарастырылды. Осы жоба бойынша зерттеулер жүргізу үшін ЭЫҰ жанындағы Техникалық-экономикалық зерттеулер қорын пайдалану туралы бастама қолдауға ие болды.

Қытай делегациясына Алматы-Стамбул бағытындағы темір жол жобаларына және Қытай-Таяу Шығыс-Еуропа дәлізін жандандыру жобасына қатысу туралы ұсыныс жасалды.

ТрансАзиялық темір жол магистралінің оңтүстік дәлізінде құрылыс жұмыстары біткеннен кейін, Исламабад-Стамбул бағытына байқау ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Жоғары лауазымды тұлғалардың отырысында Қазақстан жағы автомобиль көлігі туралы сауалнаманы толтырды, Ақтау портының қуаты жөнінде және 20 және 40-пұттық контейнерлерді тасымалдауға темір жол тарифтері туралы қажетті ақпаратты берді. Сондай-ақ, Қазақстанның "Ақ карта" жүйесіне ену турасында ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің ұстанымы жеткізілді. Сонымен бірге ЭЫҰ хатшылығының қызметкерлеріне авиабилеттердің құнын 50 пайызға арзандату туралы ұсынысына қатысты қажетті ақпарат берілді.

Қазақстан делегациясын Көлік және коммуникация министрлігі көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы Марат Оразбеков басқарды. Сондай-ақ, біздің атымыздан мәжіліске Қазақстанның автокөлік және автожолдар кешенінің Ассоциациясы өкілдері қатысты.

Министрлер мәжілісінде Марат Оразбеков Қазақстанның көлік саласы, аймақтық және халықаралық транзиттік дәліздерді дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру барысы, шекараны өтуді оңтайландыру және жеңілдету туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, М.Оразбеков халықаралық ұйымдар мен жеке сектор өкілдерін 2008 жылы қыркүйекте өтетін "Трансевразия-2008" халықаралық конференциясына қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны