06.02.2012, 09:15 3360

"Эйр Астана" 7 "Boeing" әуелайнерлерін сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойды

"Эйр Астана" АҚ-ның президенті Питер Фостер бүгін Алматыда мәлім еткендей, "Эйр Астана" - ұлттық әуе тасымалдаушы компания Boeing 767-300ER үлігісіндегі - төрт және Boeing 787-Dreamliner үлгісіндегі үш ұшақты сатып алу туралы Boeing корпорациясымен келісімшартқа қол қойды.

Алматы. 6-ақпан. Kazakhstan Today "Эйр Астана" 7 "Boeing" әуелайнерлерін сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агентігінің хабарлауынша, отынды үнемдейтін Boeing-767 ұшақтары уақыт өте келе "Эйр Астана" әуекомпаниясының флотындағы Boeing-757-нің орнын алмастырады деп күтілуде.

"Эйр Астана" АҚ-ның президенті Питер Фостер бүгін Алматыда мәлім еткендей, "Эйр Астана" - ұлттық әуе тасымалдаушы компания Boeing 767-300ER үлігісіндегі - төрт және Boeing 787-Dreamliner үлгісіндегі үш ұшақты сатып алу туралы Boeing корпорациясымен келісімшартқа қол қойды.

"Жаңа ұшақтардың сатып алынуы жоғары операциялық стандарттардың және қоршаған ортаға зиянды әсер етуді төмендету бойынша белсенді жұмыстың арқасында "Эйр Астананы" әлемнің жетекші әуекомпанияларымен деңгейлес етеді", - деді "Эйр Астана" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Байдаулетов.

Келісімшарттың жалпы құны 1,3 млрд. АҚШ долларын құрайды және ол Қазақстанның азаматтық авиациясы тарихында жасалған ең үлкен тапсырыс болып отыр.

Алыс магистральді Boeing-767 ұшақтары Қазақстанға 2013-інші және 2014-інші жылдары, Boeing-787 әуелайнерлері 2017-нші және 2019-ыншы жылдары жеткізіледі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны