29.11.2012, 17:15 3225

Эйр Астана алғашқы Airbus A321 әуелайнерін сатып алды

Эйр Астана алғашқы Airbus A321 әуелайнерін сатып алды

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - Эйр Астана алғашқы Airbus A321 әуелайнерін сатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Эйр Астана" әуекомпаниясы қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды және еуропалық авиақұрылыс концернінің зауытынан тікелей Airbus A321 алғашқы меншікті әуе лайнерінің келуі туралы хабарлайды. Ұшақ ҚР ұлттық әуетасымалдаушысымен Airbus концернінен сатып алынған Airbus A320 тобының алты әуе лайнерінің бірі болып табылады. Ұшақтарды сатып алу туралы келісім 2008 жылы ҚР Президенті Нұрсултан Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде жасалған. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа коммерциялық әуе лайнерлерін сатып алуға арналған бірінші келісімшарт және еліміздің азаматтық авиациясының алғаЭйр Астана алғашқы Airbus A321 әуелайнерін сатып алды басуына үлкен қадам.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, каталогқа сәйкес әуе лайнерлердің жалпы бағасы 500 млн. АҚШ долларынан асады. Ұшақтар "Эйр Астана" әуекомпаниясымен мемлекеттік бюджеттен қаражатты тартусыз және мемлекеттік кепілдемелерісіз кәсіпорынның өзінің және қарыз қаражатының есебінен сатып алынады. Сатып алу Royal Bank of Scotland Германияның, Францияның және Ұлыбританияның экспорттық-кредиттік агенттіктерінің қолдауымен қаржыланды. Бұл үдерісте әуекомпанияларға арналған авиациялық техниканы сатып алуды қаржыландырудың оңтайлы шарттарын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының 2008 жылы халықаралық Кейптаун конвенциясына қосылуы демеу берді.

"Airbus A321 тұнғыш реактивті әуе лайнерінің келуі - әуекомпания және жалпы мемлекет үшін маңызды оқиға. 2002 жылы жарғы капиталы 17 млн. АҚШ долларын құраған әуекомпания үшін бұл бақытты күн, өйткені біз жарты миллиард АҚШ долларынан астам әуе лайнерлерін сатып алу үшін жеткілікті қаржы тұрақтылыққа жеткенімізді мақтан тұтамыз. Енді әуекомпанияның 10-жылдығына біз ҚР азаматтық авиация тарихында жаңа парағын аштық, - дейді "Эйр Астана" АҚ-ның президенті Питер Фостер. - Бірінші әуе лайнердің Тұнғыш Президенттің күнін мерекелеу қарсаңында келгені жақсы ырым, өйткені Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы оның қатысуымен құрылған болатын. Біз Елбасына әуе лайнерлерді әлемдік авиақұрылыс көшбасшылардан сатып алуды қолдағандығы және Қазақстан Республикасының Кейптаун Конвенциясына қосылуы туралы жарлыққа қол қойғандығы үшін шын алғысымыз бен құрметімізді білдіреміз. Осының барлығы бізге Орталық Азия мен Үндістанда көшбасшы болуға ғана емес, әуе тасымалының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік туғызады".

Жаңа әуе лайнер қазірігі маршруттық желі бойынша Ресейге, Түркияға, Үндістанға, Қытайға және басқа да елдерге қатынайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны