13.07.2012, 10:54 2903

Эйр Астана Астана мен Омбы арасында тұрақты әуе рейстерін ашты

Ресейдің ірі көлік торабы және Сібірдің өнеркәсіптік орталығына енді тұрақты рейстер дүйсенбі және сәрсенбі күндері 50 орындық "Fokker 50" турбовинттік ұшағымен орындалады.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" әуе компаниясы 16 шілдеден бастап Астанадан Омбыға тікелей әуебайланысын ашады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ресейдің ірі көлік торабы және Сібірдің өнеркәсіптік орталығына енді тұрақты рейстер дүйсенбі және сәрсенбі күндері 50 орындық "Fokker 50" турбовинттік ұшағымен орындалады. Ал 1 қыркүйектен кейін әуе компаниясы қосымша бейсенбі және жексенбі күндері Embraer 190 (88 орын эконом-сыныпта, 9 орын - бизнес-сыныпта) жайлы реактивті лайнерімен ұшуларды жүзеге асырады. Омбыға Fokker-50 ұшағымен ұшу уақыты 1 сағат 35 минутты, ал Embraer 190 ұшағымен 50 минутты құрайды. Барлық алымдарды және басқа да салықтарды қосқанда, эконом-сыныптағы Астанадан Омбыға барып-қайту әуе билеттер бағасы 26 470 теңгеден басталады.

"Жаңа рейс Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын жетінші әуе байланыс. Бұдан бұрын Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосібір, Екатеринбор, Самара және Қазанға әуе бағыттары ашылған болатын. Жаңа әуе байланысының арқасында екі қаланың тұрғындары мен меймандары достары мен туыстарына жолыға алады немесе оқу, іскерлік немесе туристік бабымен сапар шеге алады. Исіресе, Омбы өңірінде тіршілік кешіп жатқан 25 мыңнан астам қазақ Астана арқылы Қазақстан қалалары Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Орал және Қызылордаға ыңғайлы түйісу рейстермен бара алады. Ал халықаралық бағыттар бойынша сапар шегетін жолаушыларға Ыстамбұлға, Франкфуртқа және Ибу-Дәбиге ыңғайлы рейстер қолжетімді болды", - дейді "Эйр Астана" әуе компаниясының ТМД-да және Ресейдегі аймақтық бас менеджері Дмитрий Капарулин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны