03.06.2008, 19:08 2953

"Эйр Астана" әуе компаниясының жаңа аэробусы Астана - Ақтөбе - Астана әуе рейсіне қатынай бастады

"Эйр Астана" әуе компаниясының жаңа аэробусы Астана - Ақтөбе - Астана әуе рейсіне қатынай бастады

Алматы. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Эйр Астана" әуе компаниясының жаңа әуе кемесі "Аэробус-320" 1 маусымнан бастап аптасына төрт рет Астана - Ақтөбе - Астана бағытындағы әуе рейсіне қатынай бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Бұл оқиға ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен ұлттық тасымалдаушы "Эйр Астана" арасындағы бірлескен іс-әрекеттер аясында елордадан бастау алатын әуе қатынасының кеңеюіне ықпал етеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратына сүйенсек, А-320 ұшағы Мәскеу - Өскемен, Өскемен - Франкфурт, Стамбул - Өскемен, Өскемен - Стамбул, Анталья - Өскемен бағыттарымен тоғыса отырып, аптасына үш рет Астана - Өскемен - Астана бағытында рейстер жасайды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бұдан былай жаңа тоғысулар болады: Дубай - Ақтөбе, Франкфурт - Ақтөбе, Мәскеу - Ақтөбе.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында "Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостер бюджет қаражаттарын, мемлекеттік кепілдемені және акционерлер тарапынан салымдарды пайдаланбай әлемдік ұшақ шығарушылармен алты "А-320" аэробустары мен үш "Боинг-787" ұшақтарын сатып алу жөніндегі келісімге қол жеткізілгені жайында мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, 2022 жылға қарай әуе паркін 63 ұшаққа дейін кеңейтуді қарастыратын әуе компаниясының ұзақ мерзімдік даму жоспары жасалынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны