30.04.2010, 15:52 6467

"Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы бұзылуға байланысты 132 жолаушы Пекиннен Алматыға ұша алмай отыр

"Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы бұзылуға байланысты 132 жолаушы Пекиннен Алматыға ұша алмай отыр

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы бұзылуға байланысты 132 жолаушы Пекиннен Алматыға ұша алмай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Эйр Астана" әуе компаниясының жұртшылықпен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Департамент ақпаратына сәйкес, "887-ші рейс Пекиннен Алматыға 27 сәуірде ұшып келуге тиіс болатын, алайда, өкінішке орай компанияның ұшағы бұзылып қалды". "Қазір Пекин әуежайында 132 жолаушы ұша алмай отыр", - деп хабарлайды әуекомпаниясындағылар.

"Біз қосалқы бөлшеккен тапсырыс бердік, ол 29 сәуірде жеткізілді. Пекинде кедендік процедуралар жүргізіліп, оны орнату қажет болды және қозғалтқышқа техникалық тест жүргізу керек еді. Бірақ оның нәтижесіне біз қанағаттана алмадық. "Эйр Астана" компаниясы тарапынан біз қонақ үй ұсынып, жолаушыларды тамақтандырдық, телефон қоңырауын шалуға мүмкіндік бердік. Біз ахуалға онлайн режимінде мониторинг жүргізіп отырмыз, ұшақ кешікпей жолға шығады деп күтеміз", - деп хабарлайды департаменттегілер.

"Ал жолаушылар өздерінің арыз-шағымдары мен талаптары бойынша департаментке хабарласа алады. Біз өтемақыны Қазақстан заңнамасына сәйкес төлейтін боламыз. Біз қолайсыз жағдайда қалғаны үшін жолаушылардан кешірім өтінеміз", - деп хабарлайды әуекомпаниясындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны