19.06.2012, 09:57 3182

"Эйр Астана" Грузияға ұшатын ұшақтар рейсін жиілетеді

Бүгін "Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматы-Тбилиси-Алматы бағытында ұшулардың төртінші жиілігін енгізеді.

Астана. 19-маусым. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" Грузияға ұшатын ұшақтар рейсін жиілетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "Эйр Астана" әуекомпаниясы Алматы-Тбилиси-Алматы бағытында ұшулардың төртінші жиілігін енгізеді.

Қосымша рейстегі 97 орындық "Embraer 190" әуе лайнерінің Алматыдадан Грузия астанасына ұшу ұзақтығы 4 сағат 10 минутты, ал кері қарай 3 сағат 35 минут құрайды. Иуежай алымдары мен басқа да салықтарды қоса алғанда, Алматыдан Тбилисиге эконом-санаттағы барып-қайту билеттері 49911 теңгеден, ал бизнес-санаттағылар - 118 615 теңгеден басталады.

Екі елдің арасындағы әуе байланысын "Эйр Астана" әуекомпаниясы 2011 жылы 2 маусымнан бері дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырып келе жатқан болатын. Осы кезге дейін бұл бағыт бойынша 20 мың жолаушы және 5 тонна жүк тасымалданды. Ондағы орташа жүктеме 65 пайызды құрап отыр.

"Тбилиси-Алматы рейсі қысқа уақытта жолаушылар арасында танымал болып үлгерді. Бүгінде Грузия ТМД азаматтары арасында демалуға арналған келешегі зор туристік бағдарлардың бірі. Саяхатшыларды оның бірегей сәулеті, көрікті табиғаты, тамаша тағамдары мен назар аударарлық ерекше орындары өзіне баурауда. Грузия азаматтары болса еліміздегі Алатаудың, кең дала мен ғажайып көлдердің кереметіне сүйсіне алады. Бұдан басқа, оларға Алматыдан Бішкекке, Делиге, Бейжіңге, Бангкокқа және Куала-Лумпурға ыңғайлы түйісулер қарастырылған", - дейді "Эйр Астана" АҚ-ның маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ибрахим Жанлыел.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны