27.08.2012, 12:08 3170

"Эйр Астана" компаниясы Алматы мен Гонконг арасында жаңа әуе рейсін ашады

Онда жолаушылар бизнес-кластағы-16, эконом-кластағы 150 орындық Boeing 757 ұшағымен өз сапарын жасауға мүмкіндігі бар. Ұшақ Алматыдан сағат 01.35-те ұшып шығып, Гонконгқа сағат 09.45-те (жергілікті уақыт) қонады. Ал Гонконгтан сағат 22.15-те көкке көтеріліп, Алматыға таңғы сағат 03.25-те қонады. Ұшу ұзақтығы Алматыдан Гонконгқа - 6 сағат 10 минут болса, Гонконгтан Алматыға 7 сағат 10 минутты құрайды.

Алматы. 27-тамыз. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" әуекомпаниясы 28 тамыздан бастап Алматы-Гонконг бағытында жаңа рейс ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онда жолаушылар бизнес-кластағы-16, эконом-кластағы 150 орындық Boeing 757 ұшағымен өз сапарын жасауға мүмкіндігі бар. Ұшақ Алматыдан сағат 01.35-те ұшып шығып, Гонконгқа сағат 09.45-те (жергілікті уақыт) қонады. Ал Гонконгтан сағат 22.15-те көкке көтеріліп, Алматыға таңғы сағат 03.25-те қонады. Ұшу ұзақтығы Алматыдан Гонконгқа - 6 сағат 10 минут болса, Гонконгтан Алматыға 7 сағат 10 минутты құрайды.

Жалпы Қазақстан тұрғындары Гонконгқа 14 күнге дейін визасыз бара алады. Гонконгқа саяхаттайтын жолаушылар серіктес әуекомпаниялар арқылы Макао, Манила, Гуанчжоу және Оңтүстік Шығыс Азияның басқа қалаларына ыңғайлы түйісу рейстерімен жете алады. Мұнда ТМД елдерінен ұшатын жолаушыларға да ыңғайлы түйісулер қарастырылған. Алматыдан Гонконгқа барып-қайтудың ең төменгі бағасы авиабилет пен өзге де алымдарды қосқанда эконом-класта - 83 225 теңгені, ал бизнес-класта 338 227 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны