28.11.2012, 17:10 2614

"Эйр Астана" Семей және Орал қаласына ұшырылатын Fokker 50 маркалы ұшақты ұшыруды тоқтатады

"Эйр Астана" әуе компаниясы 1-желтоқсаннан бастап Семей және Орал қаласына ұшуды тоқтатады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" Семей және Орал қаласына ұшырылатын Fokker 50 маркалы ұшақты ұшыруды тоқтатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Эйр Астана" әуе компаниясы 1-желтоқсаннан бастап Семей және Орал қаласына ұшуды тоқтатады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иуе компаниясы басшылығы бұл шараға амалсыздан барып отырғанын айтады. Компания осы қалаларға ұшатын Fokker 50 маркалы ұшақтарды Embraer 190 реактивті ұшақтарымен алмастырмақ. Ал, Семей және Орал қаласының әуе жайлары жаңа ұшақтардың ұшып-қонуына лайықталмаған.

Компания айлағындағы Fokker 50 маркасының 6 ұшағы 2013 жылдың қаңтарында лизинг берушіге қайтарылып, орнына Embraer 190 жаңа реактивті әуе лайнерлері сатып алынбақ.

"Біздің компания 2012 жылдың 1-желтоқсанынан бастап Fokker 50 турбовинтті ұшақтарды реактивті авиалайнерлерге ауыстырмақ. Өйткені, ол ұшақтар ұзақ ұшуға қолайлы, әрі соңғы технологиялармен жабдықталған. Эйр Астана осыған дейін Орал мен Семей қалаларына жолаушыларды турбовинтті жақын магистарльді Fokker 50 ұшақтарымен тасымалдап келген. Алайда, аталмыш қалалардың әуежайында реактивті авиалайнерлерге арналған ұшу-қону алаңы ескірген, күрделі жөндеуді талап етеді. Сондықтан, біз ол қалаларға ұшуды тоқтатамыз. Қолайсыз жағдай үшін кешірім сұраймыз. Жолаушылардың қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды", - деді "Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны