18.07.2018, 16:59 4198

"Эйр Астана" Skytrax World Airline Awards сыйлығыныӊ жеті дүркін лауреаты атанды

Skytrax әлемдегі әуе компаниялары мен әуежайлары көрсететін қызметтердіӊ сапасын зерделейді. Skytrax зерттеуі - жолаушылардыӊ пікірлеріне негізделген және әлем бойынша мойындалған қызмет көрсету сапасын бағалау. Биыл оған жер-жаһандағы 19 миллионнан астам адам қатысқан.

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстандағы азаматтық авиацияныӊ флагманы және Skytrax халықаралық сыйлығыныӊ 4 жұлдызды рейтингісініӊ иегері "Эйр Астана" жетінші рет Орталық Азиядағы және Үндістандағы үздік әуекомпания атанды. Жеӊімпаздарды марапаттау рәсімі 2018 жылғы 17 шілдеде Лондонда өтті.

Skytrax әлемдегі әуе компаниялары мен әуежайлары көрсететін қызметтердіӊ сапасын зерделейді. Skytrax зерттеуі - жолаушылардыӊ пікірлеріне негізделген және әлем бойынша мойындалған қызмет көрсету сапасын бағалау. Биыл оған жер-жаһандағы 19 миллионнан астам адам қатысқан. Иуе компанияларыныӊ қызмет көрсету сапасы бірнеше талаптар бойынша бағаланған: жолаушыларды тіркеу, оларды бортқа отырғызу, салон тазалығы мен ыӊғайлылығы, тағамдар мен сусындар сапасы, борттағы ойын-сауық жүйесі, борттық қызмет көрсету деӊгейі. Зерттеу 200 ірі халықаралық және шағын жергілікті әуе тасымалдаушыларын қамтыған.

"Эйр Астана" әуекомпаниясыныӊ президенті Питер Фостер: "Біз үшін осы марапатты алу үлкен құрмет. Біздіӊ жұмысымызға осындай баға беру өте маӊызды және бағалы, өйткені бұл жолаушыларымыздыӊ дербес таӊдауында негізделеді. Біз оларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз және олармен ұшағымызда қауышуымызға қуаныштымыз. Сондай-ақ, әуекомпания қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Олар әрдайым жоғары сапалы қызмет көрсету үшін күнделікті жұмыстарында барын салады. Қызмет көрсетудіӊ одан да жоғарғы стандарттарына жету үшін жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз".

Естеріӊізге салайық, биыл "Эйр Астана" әуекомпаниясын IPO-ға шығу жоспарлап отыр, бұл елдегі акционерлік капиталдыӊ ішкі нарығын дамытуға дамытуға жол ашады.

"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны