01.12.2008, 12:59 1607

"Эйр Астана" Таиланд елінен 297 қазақстандықты алып келді

"Эйр Астана" Таиланд елінен 297 қазақстандықты алып келді

Алматы. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- "Эйр Астана" әуекомпаниясы Таиланд елінен 297 қазақстандықты алып келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 қараша күні таңертеңгі сағат 08.50-де "Эйр Астана" әуекомпаниясының кең фюзеляжды Боинг-767 ұшағы Алматыдан Утапао (Паттайя) әуежайына бет алды. Сағат 19.50-де ұшақ Утапаодан Алматыға ұшуға тиіс болған, алайда шағын әскери әуежайдың көптеген рейстерге қызмет көрсетугеге қабілетсіздігіне байланысты лайнер жергілікті уақытпен сағат 00.00-де ғана әуеге көтеріле алды. 29 қарашада Алматы уақытымен сағат 06.00-де ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды, ұшақпен 160 жолаушы оралды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны