08.06.2011, 13:49 3254

Эйр Астана ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуіне жауапты британдықтың лицензиясы жасанды болып шықты

Жақында Ұлыбритания азаматтық авиациясы комитетінің тергеу бөлімін қадағалау бойынша аға инспекторы Малком Юстистің 2010 жылдың 1 қыркүйегінде "Эйр Астана" авиакомпаниясының президенті Питер Фостерге жолдаған хаты редакциямызға келіп түсті. Электрондық хаттың ағылшын тілінен тура аудармасы төмендегідей:

Астана. 8 - маусым. Kazakhstan Today - Эйр Астана ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуіне жауапты британдықтың лицензиясы жасанды болып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Эйр Астана" ұлттық авиакомпаниясында бірнеше жыл бойы жолаушы ұшақтарына қызмет көрсету міндеттерін жалған авиатехник лицензиясы бар британдық азамат Мохаммед БАЛЛУЗА атқарған! Ол 2010 жылдың қыркүйегінде бұрмалаушылығы мен алаяқтығы үшін 22 айға бас бостандығын айыру және заңсыз тапқан 245 мың фунтов стерлинг көлеміндегі табыстарын қайта қайтару жазасына кесілген болатын, деп жазады "Время".

Жақында Ұлыбритания азаматтық авиациясы комитетінің тергеу бөлімін қадағалау бойынша аға инспекторы Малком Юстистің 2010 жылдың 1 қыркүйегінде "Эйр Астана" авиакомпаниясының президенті Питер Фостерге жолдаған хаты редакциямызға келіп түсті. Электрондық хаттың ағылшын тілінен тура аудармасы төмендегідей:

"Ізіне түсу үшін біраз уақыт өтті, бірақ кеше Баллузаның ісі бойынша Англияның Британдық әлемдік сотына қатысқанымда менің үмітім ақталды. Маған Баллузаға 22 айға бас бостандығынан айыру және заңсыз тапқан 245 мың фунт стерлинг көлеміндегі табыстарын қайта қайтару жазасы кесілгенін хабарлады. "Эйр Астаны" бірнеше мүшесі оны танитын көрінеді, сол себепті істің мән-жайын сіздің де білгеніңіз дұрыс шығар деп ұйғардым".

Содан бері 9 ай өтсе де, "Эйр Астаны" басшылығы осыншама уақыт бойы үнсіз қалуына байланысты біз осы мәселе бойынша түсініктеме алу үшін авиакомпанияның бұқарамен байланыс вице-президенті Белла Тормышеваға хабарласқан едік.

Тормышева ханымның хабарлауынша: Баллуза Мохаммед Хусаин шын мәнінде "Эйр Астанада" техникалық қамсыздандыру менеджері ретінде 2004 жылдың 27 мамырындағы № 000164 шешім бойынша 2004 жылдың 27 маусымы мен 2005 жылдың 27 маусымы аралығында, 2005 жылдың 25 тамызындағы № 001392 шешім бойынша 2005 жылдың 2 желтоқсаны мен 2006 жылдың 20 наурызы аралығында қызмет атқарған.

"Жұмысқа қабылданар кезінде ол авиациялық инженер дипломын көрсетті, - делінген электрондық пошта арқылы жолданған вице-президенттің жауабында.. - Компанияда жұмыс істеген мерзімінде Мохаммед Баллуза тәртіптік жазаға кесілген жоқ".

Көп шетелдік азамат қызмет атқаратын "Эйр Астанада" олардың қызметтік тізімі мен білімі туралы құжаттарының түпнұсқасын кім және қалай тексереді деген сұраққа Белла Тормышева былай деп жауап берді: барлық шетелдік қызметкерлердің құжаттарының түпнұсқалығын олардың білімі туралы дипломдарындағы апостильдер растайды. "Эйр Астаны" вице-президентінің мәлімдеуінше,шетелдік қызметкерлерді жұмысқа алу ережесінің сақталуын қазақстандық авиациялық прокуратура тексеріп отырады.

Сонымен қатар біз "жалған" авиамеханик Баллуза қызметінің кейбір көлеңкелі тұстарын іздестіпі таптық. Британдық Сассекс қаласы полициясының сайтында аталған іске қатысты егжей-тегжейлі ақпарат берілген (http://www.sussex.police.uk/news-and-events/news/2010/09/03/fake-air-engineer-goes-to-prison-after-sussex-police-investigation).

Соған сенсек, 2008 жылы британдық полицияның қолына түспестен бұрын Мохаммед Баллуза ірі голландық авиакомпанияда қызмет жасап үлгерген, ол жерде де оның авиамеханик екенін растайтын лицензиясына ешкім күмән келтірмеген.

Негізінде Баллузаға ірі әуе кемелеріне қызмет көрсету құқығын беретін лицензия Англияның авиациялық билігімен 2000 жылы кері қайтарылып алынған!

Қазақстандық "Эйр Астанада" Мохаммед Баллуза, британдық полиция қызметкерлерінің зерттеу нәтижелері бойынша, АҚШ федералды авиациялық қызметімен берілген лицензиясына сай аға инженер болып қызмет атқарған. Алайда, кейін белгілі болғандай, лицензия ол Қазақстанға жұмыс істеуге келмей тұрып тартып алынған ...

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны