02.08.2012, 15:54 3062

ЕҚДБ Қазақстандағы жаңа вагон жөндеу кешенінің құрылысын қаржыландырады

Атырау облысында вагон жөндеу кешенін салу үшін 56 млн доллар несие бөлетін болды.

Алматы. 2-тамыз. Kazakhstan Today - ЕҚДБ Қазақстандағы жаңа вагон жөндеу кешенінің құрылысын қаржыландырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау облысында вагон жөндеу кешенін салу үшін 56 млн доллар несие бөлетін болды.

Еуразиялық қайта құру жне даму банкі (ЕҚДБ) "Ескене - вагондық сервис орталығы" компаниясымен несие келісімшартын бекітті. Келісімшарт Атырау облысында вагон жөндейтін жаңа кешен салу көзделген, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Жоба бойынша темір жол вагондарын, бірінші кезекте цистерналарды жөндейтін әмбебап кешен салу көзделген. Банк жобаны 10 жылға қаржыландырады, 56 млн доллар бөледі. Жобаның жалпы құны 70 млн$", - делінген хабарламада.

Жоба Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда-саттық көлемін арттыруға көмектеседі. Кешен құрылысына пайдаланылатын қондырғылардың негізгі бөлігі Ресейден әкелінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны