07.11.2012, 16:45 2962

ЕҚДБ мен Алматы әкімдігі қалада жеңіл рельсті көлікті дамыту мақсатында меморандумға қол қойды

"Құны 300 млн долларға бағаланып отырған болашақ жоба 14 шақырымға жуық жеңіл рельсті трамвай желісін тарту көзделген. Бұл қазіргі трамвай жолдарының орнын басып қана қоймай, жылжымалы құрам мен қондырғылар сатып алуға кететін шығынды жояды. Жүрдек трамвай деп аталатын жеңіл рельсті трамвай метродан жылдам әрі арзанға түседі", - делінген хабарламада.

Алматы. 7-қараша. Kazakhstan Today - Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушы директоры мен Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала орталығында жеңіл рельсті трамвай саласын дамыту туралы түсіністік меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ЕҚДБ-ің баспасөз қызметі хабарлады.

"Құны 300 млн долларға бағаланып отырған болашақ жоба 14 шақырымға жуық жеңіл рельсті трамвай желісін тарту көзделген. Бұл қазіргі трамвай жолдарының орнын басып қана қоймай, жылжымалы құрам мен қондырғылар сатып алуға кететін шығынды жояды. Жүрдек трамвай деп аталатын жеңіл рельсті трамвай метродан жылдам әрі арзанға түседі", - делінген хабарламада.

ЕҚДБ құжаттарды әзірлейтін сарапшыларды тауып, заңдық және техникалық кеңесшілердің қызметіне жұмсалатын шығындарды жабады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны