13.10.2006, 09:19 3101

Екі қазақстандық әуе компаниясы тағыда қара тізімге ілікті

АЛМАТЫ. 13 қазан. Kazakhstan Today. Екі қазақстандық жүк тасымалдау жеке әуе компаниясы Еуропа одағына мүше мемлекеттер аймағында ұшуға тыйым салынған компаниялар тізіміне ілінді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Еуроодақ өкілдігінен хабарлады.

Мұндай шешім Люксембургте ЕО мүше 25 елдің көлік министрлерінің және Еурокомиссия мүшелерінің қатысуымен өткен кездесуде жария етілді.

Қара тізімге BGB Air және GST Aero Air компаниялары ілікті. Оған қоса , тізімді Phoenix Aviation (қайтадан), Reem Аir, Sky Gate International Aviation және Star Jet Қырғыз әуе компаниялары толықтырды.

ЕК таратқан баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, "Еурокомиссия бұл шаралар аталған компанияларға әуе қозғалысының қауіпсіздігі стандартын жақсартуға ынта береді деген сенімде".

Осыған дейін хабарланғандай, ЕО тұспалы бойынша әуе компаниялар енген алғашқы "қара тізім" осы жылдың наурыз айында жасалған. Ол кезде ЕО елдері тізімге қауіп туғызатын және ЕО елдері аумағында ұшуға тыйым салынған 96 әуе компанияны енгізуді ұйғарған. Тізімге Қазақстандық екі әуе компаниясы (BGB Air және GST Aero), сондай-ақ Қырғызстанның (Phoenix Aviation) компаниясыда ілінді.

Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі BGB Air және GST Aero қазақстандық жеке әуе компанияларын Еуро одақтың "қара тізімнен" шығаруға барынша шар қолданатынын айтып сендірген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны