12.04.2021, 20:33 9141

Екі әкім орынбасары азық-түлік бағасының көтерілгені үшін жазаланады

Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарларын өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі үшін жазалайды.
НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарларын өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуі үшін жазалайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мәселесінің маңыздылығына ерекше назар аударды.
 

Бірінші тоқсанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсуінің ең жоғарғы деңгейі Атырау және Жамбыл облыстарында орын алды. Осыған байланысты, Ә. Смайылов осы жұмысқа жауапты Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлына және Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлына қатаң сөгіс беруді тиісті облыс әкімдеріне тапсыруды сұраймын", — деді Ә. Смайылов.

 
Отырыста Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлағандай, 6 сәуірдегі жағдай бойынша ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл облысында 4,2% және Атырау облысында 3,8% орын алды. Ең аз 2,9% өсім Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді.
 
Премьер-Министр Асқар Мамин орынбасарының ұсынысын қолдады.
 

Әлихан Асханұлының әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бергені үшін Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс түрінде жазалау жөніндегі ұсынысын қолдаймын", - деді Мамин.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны