21.04.2011, 14:52 3878

Екі күн ішінде Ақтөбенің компьютер клубтарында түнгі уақытта жүрген 150 астам кәмелеттік жасқа толмаған бала анықталған

Екі күн ішінде Ақтөбенің компьютер клубтарында түнгі уақытта жүрген 150 астам кәмелеттік жасқа толмаған бала анықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтөбе. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - Екі күн ішінде Ақтөбенің компьютер клубтарында түнгі уақытта жүрген 150 астам кәмелеттік жасқа толмаған бала анықталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сәуірдің 18 мен 26 аралығында облыс аумағында мүдделік танытқан мемлекеттік органдар, қоғамдастықтар мен БАҚ тартылған "Түнгі қаладағы балалар" атты кең ауқымды республикалық акция жүргізілді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Акцияның мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған балалардың арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақыттарда көңіл көтеру мекемелеріне үлкендердің қарауынсыз келулеріне жол бермеу болып табылады.

Ақтөбе облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция жүргізілген екі күн ішінде 220-дан астам көңіл көтеру мекемелері тексеріліп, түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүрген 156 бала анықталған.

"Мысалға айта кетсек, қаладағы интернет-кафелердің бірінде 13 жастағы баланың жүргендігі анықталған. Мекеме иесі әкімшілік жауапқа тартылды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Photo: centr.od.ua

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны