22.05.2017, 17:16 4058

Екі отандық кинотуынды халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Миры Мориса Симашко" деректі фильмі үстіміздегі жылдыӊ 15 мен 17 мамыр аралығында өткен Польша Халықаралық фестивальінде "Еӊ үздік деректі фильм" жүлдесіне ие болды. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Сенім жолында" атты деректі фильм Ресейдіӊ Севастополь қаласында өткен XIII Халықаралық "Победили вместе" атты деректі фильмдер және телебағдарламалар фестивалінде Джемма Фирсова атындағы "Үздік әлеуметтік-философиялық телевизиялық жұмыс" жүлдесіне қол жеткізді.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Миры Мориса Симашко" деректі фильмі үстіміздегі жылдыӊ 15 мен 17 мамыр аралығында өткен Польша Халықаралық фестивальінде "Еӊ үздік деректі фильм" жүлдесіне ие болды.

Қазақстандық режиссер Александр Головинский түсірген деректі фильм Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері, Қазақстанныӊ халық жазушысы, Қазақстан Президенті бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығыныӊ лауреаты (І.Есенберлинніӊ "Көшпенділер" трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін)

Морис Симашконыӊ өмірі мен шығармашылығына арналған.

Осыған дейін аталмыш фильм Мәскеуде өткен 19-шы DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге, сондай-ақ "Вместе" XVII Халықаралық телекинофорумда "Литературная газета" басылымыныӊ атынан "Орталық Азиядағы жаӊа тарихи роман мектебініӊ негізін салушылардыӊ бірі және майдангер өмірініӊ беймәлім парақтарын ашқаны және шеберлігі үшін" арнайы жүлдемен марапатталған.

Илемніӊ тәуелсіз кинематографистерін қолдауға бағытталған Польшаныӊ Халықаралық кинофестивалі онлайн түрде өтеді. Фестиваль шеӊберінде көркем, деректі, анимациялық және қысқаметражды фильмдер де бақ сынайды.

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Сенім жолында" атты деректі фильм Ресейдіӊ Севастополь қаласында өткен XIII Халықаралық "Победили вместе" атты деректі фильмдер және телебағдарламалар фестивалінде Джемма Фирсова атындағы "Үздік әлеуметтік-философиялық телевизиялық жұмыс" жүлдесіне қол жеткізді.

Режиссер Исия Байғожина түсірген "Сенім жолында" фильмі қоғамымыздағы өзекті мәселелердіӊ бірі - дін жолындағы адасушылық туралы баяндайды.

"Победили вместе" фестивалініӊ бағдарламасына қатысуға 24 мемлекеттен (Ресей, Австрия, Армения, Беларусь, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Грузия, Германия, Ирландия, Қазақстан, Қытай, Польша, Украина, Чехия, Франция, Эстония және т.б.) бар жоғы 250 фильм үміт білдірген екен. Іріктеу комиссиясы 16 елден 65 фильмді таӊдап алған екен.

Айта кетсек, белгілі кинорежиссер, сценарист, "Қазақфильм" киностудиясыныӊ президенті Бақыт Қайырбеков деректі фильмдер бағдарламасыныӊ халықаралық қазылар алқасыныӊ құрамында болды. Естеріӊізге сала кетсек, режиссердіӊ "316-я стрелковая" деректі фильмі 2007 жылы осы фестивальде Бас жүлдені жеӊіп алған болатын. Бақыт Ғафуұлымен бірге фестивальдіӊ үздігін анықтаған қазылар алқасы: актриса Наталья Гагина (Ресей), сценарист және сыншы Татьяна Иенсен (Ресей), продюсер Наталья Иванова (Ресей), режиссер және продюсер У Цзян (Қытай).

"МОРИС СИМАШКОНЫӉ ИЛЕМІ"

Режиссері: Александр Головинский

Сценарий авторы: Сергей Русаков

Операторы: Сергей Косманев

Композиторлары: Фархат Ибрагимов және Иділ Байысбаев.

Редакторы: Евгения Головинская

"СЕНІМ ЖОЛЫНДА"

Режиссері: Исия Байғожина

Сценарий авторлары: Исия Байғожина, Мереке Қасен

Операторлары: Ренат Қосай, Нұрсат Икімхан

Директоры: Нұргүл Нұржігітова

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны