09.11.2010, 15:07 4702

Екібастұзда А гепатитінің жаппай таралуына базарда кесілген қарбыз себепші болуы мүмкін

Екібастұзда А гепатитінің жаппай таралуына базарда кесілген қарбыз себепші болуы мүмкін. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - қараша. Kazakhstan Today - Екібастұзда А гепатитінің жаппай таралуына базарда кесілген қарбыз себепші болуы мүмкін. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Эпидемиологиялық тергеу барысында індеттің таралуына лас қолдың, яғни жуылмаған қарбызды... базарда пышақ қолданудың сепебші болғандығы байқалады",- деді А. Есмағамбетова.

Оның айтуынша, 2010 жылдың 8-қарашасындағы жағдаймен Екібастұзда А гепатитінің вирусын жұқтырған 28 адам тіркелген. "Қанағаттанарлық деген жағдаймен 19 науқас ауруханадан шығарылды. Қалған 9-ы тиісті дәрілерін қабылдауда. Қатынаста болған барлық адамдарға медициналық бақылау қойылған",- деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны