26.04.2011, 11:49 3173

Екібастұзда бұзақылар скверді талқандап кетті

Екібастұзда бұзақылар скверді талқандап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар. 26 - сәуір. Kazakhstan Today - Екібастұзда бұзақылар скверді талқандап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Екібастұзда 16 жасар екі жасөспірім ардагерлер скверін талқандап кетті. Бұл туралы Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова мәлім етті.

"Екбастұзда лицейдің екі оқушысы қалалық сквердегі жазғы су құбырының трубасын ұрламақшы болып, оны сындырып, бұзған. Сонымен қатар олар фонар шамдарды сындырып, орындықтарды қиратқан. Төселген тастарға шейін ұрып зақымдаған", - деді Б. Мағзұмова.

"Келтірілген шығын, 52 мың теңге, 10 АЕК-тен аспайтындықтан, қылмыстық іс қозғалмай, әкімшілік өндіріске алынды", - түсіндірді ол.

Фото: pavlodar-online.kz


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны