31.08.2016, 15:12 6732

Екібастұзда сәлемдеме супермаркеті ашылды

Сәлемдеме супермаркеті - бұл өздігінен қызмет көрсететін жаӊа форматты орталық, ҚР бойынша сәлемдемелерді алу және жіберу болып екі аймаққа бөлінеді, деп хабарлады "Қазпочта" АҚ.

Павлодар.31 тамыз. Kazakhstan Today - Павлодар облысы, Екібастұз қаласында супермаркет ашылды, деп хабарлады "Қазпочта" АҚ.

Сәлемдеме супермаркеті - бұл өздігінен қызмет көрсететін жаӊа форматты орталық, ҚР бойынша сәлемдемелерді алу және жіберу болып екі аймаққа бөлінеді, деп хабарлады "Қазпочта" АҚ.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда төрт сәлемдеме супермаркеті қызмет жасайды - олардыӊ үшеуі Астана қаласында, біреуі Алматыда ашылған, ал бүгіннен бастап бұндай сервис Екібастұз қаласыныӊ тұрғындары үшін қол жетімді. Келесі жылы осындай супермаркеттер Қазақстанныӊ басқа қалаларында ашылады деп жоспарланды. Осы формат өзін көрсете білді және біздіӊ клиенттер тарапынан көптеген жағымды пікірлер айтылды. Сәлемдеме супермаркеті сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын үнемдейді және компанияныӊ өндірістік шығынын оӊтайландырады", - деп хабарлайды "Қазпочта" АҚ Баспасөз - қызметі".

Сәлемдеме супермаркеті - түсінікті сервис, ол клиентер кезекке тұрмайды және өзіне тиіді уақытта сәлемдемелерді алуына мүмкіндік жасайды. Өзініӊ сәлемдемелерін алу үшін, сәлемдеме супермаркетінде белгіленген, арнайы терминалға клиент сәлемдеменіӊ трек нөмірін немесе ұялы телефонныӊ нөмірін енгізу қажет. Бұл терминал, жүйеде сұраныс болған сәлемдемені тауып, сөресі, қатары, ұяшықтары көрсетілген талон береді. Клиент өздігінен залға кіріп, көрсетілген сөресі, қатары, ұяшықтарды тауып, өзіне керек сәлемдемені сөреден алады. Шыға берісте тұрған кассада, клиент операторға мәліметтерді тексеру үшін және үстеме төлемақысын төлеу қажеттілігі анықтау үшін жеке куәлігін көрсетеді. Сонымен қатар, сәлемдеме супермаркетіне клиент өздігінен елдіӊ әр түкпіріне сәлемдемелерді жібере алады. Сәлемдемелерді жіберу үшін клиент гофротараны (тараны, орамдарды) ҚР бойынша жеткізу үшін құны ескерілген бағамен және трек нөмірі берілген түрінде алады.

Арнайы бөлінген орында өз сәлемдемеін орап- түйіп, клиент сәлемдемені жіберуге ресімдеу бойынша орнатылған терминалға жақындайды, "Жіберу" кнопкасын басады, гофротарадағы жапсырылған штрихкодты сканирлейді, тағы да "Жіберу" басады және терминал берген талонды сақтайды. Барлық істерді аяқтаған соӊ, сәлемдемені одан әрі жіберу үшін сөреде қалдыру қажет. Қазақстан бойынша сәлемдеменіӊ жүру жолын бақылап отыру үшін, берілген талонда сәлемдеменіӊ трек нөмірі көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны