25.01.2007, 16:26 3080

Екібастұздың қалалық мәслихатының депутаттары қызметінен уақытша тайдырылған әкім Валерий Набитовскийді қорғады

ПАВЛОДАР. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Екібастұзда қалалық мәслихатының депутаттары қызметінен уақытша тайдырылған әкім Валерий Набитовскийді қорғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Көптеген депутаттардың пікірінше, құқық қорғау органдары қала әкіміне қатысты жеткіліксіз негізде қылмыстық қудалау ісін бастаған. Депутаттар тағылып отырған кінәнің ешқандай негізі жоқ екендігіне сенімді. "Қылмыстық іс қолдан құрастырылған",- дейді олар.

Депутаттар еліміздің президентіне, президент әкімшілігінің басшысына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, облыс әкімдері мен облыстық сот төрағасына жолдау жіберуге шешім қабылдады.

"Екі кәсіпкер Набитовскийдің құқық бұзушылықтарға жол беруі туралы шағымданған. Аталмыш шағымдар бойынша құқық қорғау органдары бес ай бойы, яғни сайлау науқаны басталғаннан бастап осы уақытқа дейін көптеген тексерулер жүргізген, бірақ оның бәрі бос әурешілік болып шықты. Дегенмен, қаржы полициясының органдары жалғыз дерек бойынша, атап айтсақ жеке тұрғын үй салуға жер телімін бөлу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап отыр",- делінген жолдауда.

Бүгін депутаттардың жолдауының мәтіні Екібастұздың барлық газет беттерінде жарияланды.

Бұрын хабарлағанымыздай, 22-қаңтар, дүйесенбіде В. Набитовскийдің үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "қызмет бабын бас пайдасына жарату жөніндегі" 307-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

В. Набитовский 2006 жылдың 20-қазанында сынақ түріндегі сайлауда Екібастұздың әкімі болып сайланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны