04.05.2020, 12:40 5939

Екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске үлес қосқан қазақстандықтар жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге біржолғы қаржылай көмек алады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 1025 ҰОС мүгедек қатысушысы және де Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар санаты, жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге біржолғы қаржылай көмек алады.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске үлес қосқан қазақстандықтар жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге біржолғы қаржылай көмек алады.

Ұлы Отан соғысындағы (әрі қарай - ҰОС) Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында, 1025 ҰОС мүгедек қатысушысы және де Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар санаты, жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге біржолғы қаржылай көмек алады.

Оның ішінде қаржылай көмек келесі азаматтар санатына арналған:

- Жеңіске үлес қосқан ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (376 адам);

- ҰОС жылдарында тылда еңбек еткендер (109 040 адам);

- қоршауға болған Ленинград қаласында тұрғандар (87 адам);

- кәмелет жасқа толмаған кезінде концлагерь, гетто және басқа да мәжбүрлі түрде қамап ұстау жерлерінде тұтқында болғандар (289 адам);

- ҰОС кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметкерлердің, партизандар мен астыртын әрекет етушілердің қайта тұрмысқа шықпаған жұбайлары (15 адам);

- қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері (4 866 адам).

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге үлес қосқан барлық санаттағы азаматтарға қаржылай көмектің кепілдендірілген шекті мөлшерін орнатуды ұсынды.

Нәтижесінде, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек кемінде 500 мың теңге көлемінде белгіленді. Қоршауда болған Ленинградь қаласында тұрғандар мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - кемінде 50 мың теңге. Екінші дүниежүзілік соғыстың қайтыс болған мүгедектерінің әйелдеріне, Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - кемінде 30 мың теңге.

Төлемдер бірқатар аймақтарда, мысалы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында және тағы басқа өңірлерде жүргізілді.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне, ардагерлерге дәстүрлі азық-түлік себеттері ұсынылады.

Сонымен қатар, барлық ардагерлердің әскери қызметшілерге қолданылатын құқықтары мен кепілдіктері бар. Мысалы, олар жеңілдікпен баспана алады, салық жеңілдіктері бар, тегін медициналық көмек пен шипажайда емдеуден өтеді.

Мемлекет тарапынан жыл сайын республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда. Бүгінгі күні әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:

- Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға - 164 542 теңге;

- Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне - 169 762 теңге;

- Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 156 000 теңге;

- Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 109 427 теңге;

- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - 107 577 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Парламент Сенаты "Ардагерлер туралы" заңын қабылдады. Бұл өз кезегінде 10 мыңнан астам адамға алғаш рет басқа елдер аумағындағы әскери іс-қимыл ардагері ресми мәртебесін алуға мүмкіндік береді.

Бұл шара ең алдымен тәжік-ауған теліміндегі ТМД сыртқы шекарасын қорғауды күшейтуге, Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысқа, Ирактағы бітімгершілік операциясына және тағы басқа әскери іс-қимылдарға қатысқан әскери қызметкерлерге қатысты болады.

Сонымен қатар, аталған заң ардагерлерге еліміздің заңнамасында белгіленген барлық жеңілдіктер мен кепілдіктердің сапасын сараптауды күшейтеді.

Нәтижесінде, биыл Қазақстанда ардагерлерді мемлекеттік қолдау 169 мыңнан 181 мың адамға дейін артады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны