24.12.2007, 18:40 3136

Екінші рет жасалған зерттеулер қытай вагондарында улы заттардың барын дәлелдеді - ДСМ

Екінші рет жасалған зерттеулер қытай вагондарында улы заттардың барын дәлелдеді - ДСМ

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Екінші рет жасалған зерттеулер қытай вагондарында улы заттардың барын дәлелдеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлім етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бірлескен комиссияның зерттеулері бұдан бұрын жасалған санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің зертханасында жасалған зерттеулерді растады", - деді А. Белоног.

Биылғы жылдың қазан айында арнайы бірлескен комиссия құрылып оның құрамына "Жолаушыларды тасымалдау" АҚ, ""Астана-Финанс" лизингтік компаниясы, "Ғылыми-сараптамалық орталық" ЖШС, ҚХР Тяньшань локомотивтік-вагон құрылыс зауыты және ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі кірді.

А. Белоногтың айтуынша, бұл комиссия 10 - 15 желтоқсан аралығында 57 жолаушы вагонның 9 -на зертханалық зерттеулерін жүргізді. "Жүргізілген тексерулер нәтижесінде, барлық вагондарда белгіленген деңгейден 1,2-5,3 асатын зиянды химиялық заттардың бары анықталды (фенол және формальдегид)" -деді А. Белоног. "Бұл екінші деңгейдегі қауіпті у болып саналады ", - деді ол.

"Бұл вагондар өте қауіпті болғандықтан оларды пайдалануға болмайды ", -деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.

"Біз бір қытай вагонын толық бөлшектеп, ондағы қай материалдың қауіпті заттардан жасалғандығын анықтау қажеттігін айтқанбыз. Оны кейін алмастырып, вагондарды одан әрі қарай пайдалануға болар еді. Алайда, ҚТЖ ондайды істемеді", - деді ол.

Бас санитарлық дәрігер желтоқсан айында жүргізген әлеуметтік-гигиеналық мониторингтің қорытындыларын жариялады. "Сұралған 377 жолаушы мен поез бригадаларының 31 қызметкері арасында, 45 адамда бас ауру, әлсіреу, қан қысымының көтерілуі, тамақтың кебірсуі, ауа жетіспеушілігі сияқты сезімдердің пайда болғаны анықталды", -деп атап өтті А. Белоног.

А. Белоног мәлімдегеніндей, егер қытай вагондарына қатысты заң бұзушылықтар жөнге келтірілмесе, онда денсаулық сақтау министрлігі Жоғарғы сотқа шағым түсіретін болады. "Біз бұл вагондарды пайдалануға рұқсат бермейміз. Егер қолдау таппайтын болсақ, Жоғарғы сотқа дейін баратын боламыз. Денсаулық сақтау министрлігінің талабы дұрыс ", -деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылдан бастап, "Қазақстан Темір жолы"тарапынан бекітіліп, Қазақстанға Қытайдан жіберілген 1520 шойын табанды жолаушы вагондарын пайдаланудың ортақ техникалық және техникалық санитарлық -эпидемиологиялық саласына қатысты заң талаптарына сай еместігіне байланысты сот процесін жүргізуде".

Осы жылдың алты айында Алматы, Ақтөбе және Астанада 30 аса сот отырысында ҚР территориясында ҚХР вагондарын пайдалану және кіргізуге тыйым салу жөнінде мәселе қаралды. Прокуратура органдары "Аналитик-АФ" ЖШС тарапынан "ЛК "Астана-Финанс" берілген ҚХР халықаралық сертификаттарын растайтын құжаттарын заңсыз деп тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны