10.04.2008, 12:31 3231

ЕҚЫҰ Қазақстан "Ақпарат еркіндігі туралы" заңды қабылдайды деп сенеді

ЕҚЫҰ Қазақстан "Ақпарат еркіндігі туралы" заңды қабылдайды деп сенеді

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Қазақстан "Ақпарат еркіндігі туралы" заңды қабылдайды деп сенеді. Бұл туралы Алматыдағы ЕҚЫҰ орталығының адами өлшем жөніндегі бөлім меңгерушісі Эуджения Бенини бүгін "Қазақстанға "Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуі туралы" заң керек пе?" атты дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ЕҚЫҰ-ына мүше елдердің басым бөлігінде ақпаратқа қол жеткізу туралы немесе ақпарат еркіндігі туралы заңдар қабылданған, олардың басты принципі үкіметтің іс-қызметінің ашықтығына кепілдік беру және халықтың тек заңдарға ғана емес, сонымен бірге заңға бағынышты актілер мен басқа да ресми құжаттарға қол жеткізуіне кепілдік беру болып табылады. Бұл заңдар құпияланатын ақпараттың көлемін шектеуді мұрат тұтады", - деді Э. Бенини. Оның нақтылауынша, ЕҚЫҰ-ына мүше 56 елдің 45-і не осындай заңды қабылдаған, немесе, оның жобасын жасай бастады.

"Біз Қазақстан да осындай қадам жасап, заң қабылдап, онда осы салада зерттеулер жүргізгеннен кейін ЕҚЫҰ берген нұсқауларды ескереді деп үміттенеміз", -деді ол.

ЕҚЫҰ өкілінің түсіндіруінше, ол ұйымның осыдан бір жыл бұрынғы зерттеулері жайлы айтып отыр, онда ЕҚЫҰ барлық ұйымға қатысушы мемлекеттерге ақпарат еркіндігі туралы заңнама қабылдауды нұсқаған, ол "барлық адамдар мен ұйымдарға жариялы лауазымдағы тұлғалар мен мемлекеттік органдардан ақпарат алу және оны сұрау құқығын береді".

"Бұл заң мемлекеттік органдарға барлық сұранымдарға тез арада, ал азаматтардың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне бұлтарыссыз қатер төндіретін ақпараттар жөніндегі шұғыл сұранымдарға сол сәтте жауап беруді міндеттеуге тиіс. Ақпаратты сұрау процессі қарапайым әрі ақысыз, немесе, арзан болуға тиіс", -деді Э. Бенини нұсқаулар мәтінінен сөздәйек келтіре отырып.

Сонымен бірге, ЕҚЫҰ нұсқауына сәйкес, заң "түрлі ақпаратты жария етуден бас тартылған әрбір оқиға бойынша азаматтардың апелляция жасауына лайықты тетік қалыптастыру мүмкіндігін" қарастыруға тиіс". "Шенеунік немесе мемлекеттік орган осы заңды бұза отырып, ақпаратты қасақана жасырып отырғаны әйгіленген жағдайда қолданылатын санкциялар ескерілуі қажет", -делінген нұсқау мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны