18.08.2008, 17:29 2563

ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы Изербайжанда 2008 жылдың 15 қазанында болатын президент сайлауына өз бақылаушыларын жіберуге келісімін берді

ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы Изербайжанда 2008 жылдың 15 қазанында болатын президент сайлауына өз бақылаушыларын жіберуге келісімін берді

Баку. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы Изербайжанда 2008 жылдың 15 қазанында болатын президент сайлауына өз бақылаушыларын жіберуге келісімін берді, деп бүгін баспасөз мәслихатында Изербайжан Республикасының СІМ баспасөз хатшысы Хазар Ибрагим мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Изербайжанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының айтуынша, республиканың СІМ тарапынан тиісті шақыртулар ЕҚЫҰ, Еуроодаққа, ТМД және ГУАМ ұйымдарына жолданған. Сонымен қатар, парламент тарапынан ЕҚЫҰ, Еуропа кеңесі және ТМД парламенттік ассамблеяларының бақылаушыларына да шақырулар жіберілген.

"ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы өз жауаптарын берді. ЕҚЫҰ делегациясына словениялық дипломат Борис Фрлиц жетекшілік жасайды. Оған 30 ұзақ мерзімді және 450 қысқа мерзімді бақылаушылар кіреді. Ұзақ мерзімді бақылаушылар легі Изербайжанға 7 қыркүйектен бастап келе бастайды. 30 адамнан тұратын Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының бақылаушылар миссиясына Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының Изербайжан жөніндегі қосалқы баяндама жасаушысы Андрес Херкель басшылық жасайды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны