22.10.2007, 16:38 2558

ЕҚЫҰ Изербайжанға президенттік сайлау өткізуге көмектеседі

ЕҚЫҰ Изербайжанға президенттік сайлау өткізуге көмектеседі.

Баку. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Изербайжанға 2008 жылғы президент сайлауын халықаралық стандарттар деңгейінде өткізуге жәрдемдеседі, деп мәлімдеді тілшілерге Баку қаласында ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Ерин де Бришамбо, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз осы сайлау әлемдегі ең жоғарғы стандарттарға сай болуы үшін үкіметпен және қоғамның әртүрлі бөлігімен аса белсенді байланыстарда боламыз. Жұмысты бастауға әлі де бір жыл уақыт бар. Осы уақыт ішінде өз күшімізді жұмылдырып, қажетті заңдарды қабылдауға, оларға өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тырысамыз", - деді М. де Бришамбо.

"Изербайжан өсу мен дамудың үлгісі. Біз бірқатар уақыт өткеннен кейін Изербайжан Республикасының Еуропадағы барлық құндылықтарды біріктірген мемлекетке айналатынына сенеміз", - деп атап өтті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының бас хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны