Система Orphus

Экология министрлігі Ұлттық парктерді дамыту мәселесі жөніндегі қоғамдық кеңес құрылғаны туралы хабарлады

05.06.2020 10990

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan Today - Экология министрлігі Ұлттық парктерді дамыту мәселесі жөніндегі қоғамдық кеңес құрылғаны туралы хабарлады.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ұлттық парктерді дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Маған Алматы жұртшылығының Іле Алатауы ұлттық паркін абаттандыру мәселесі жөніндегі алаңдауы мәлім. Барлық туындаған мәселелерді шешу үшін біздің ведомство құрамына саладағы сарапшылар, министрлік өкілдері, жұртшылық, экобелсенділер кіретін Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құру бастамасын көтерді", - деп жазды М.Мырзағалиев.

Оның айтуынша, Кеңес "инвестордың міндеттемелерін орындауына, ұлттық парктерді дамыту жоспарын талқылауға қатысуға, қажет болған жағдайда, оның аспектілерін іске асыруға әсер етуге бақылау жасай алады".

Министр барлық мүдделі тұлғаларды Кеңеске қосылуға шақырды. "Тек біріккен кезде ғана біз табиғат байлығын сақтау мақсатына қол жеткізе аламыз", - деп атап өтті ол.

Экология министрлігінің басшысы министрліктің ұлттық парктерді "табиғатқа жүк түсірмей" дамытуды көздеп отырғанын еске салды.

"Қазірде оларды дамыту кезінде ауқымды ғимараттар салуды қойып, эко-туризмді дамытуға, жүргіншілер жолын салуға, тек жеңіл нысандар салуға назар аудару қажет. Яғни қоршаған ортаға орынсыз килігу болмауы тиіс", - деп атап көрсетті М. Мырзағалиев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны