27.01.2021, 17:42 16830

Экология министрлігі мен National Geographic Qazaqstan "Қазақстанның тұмса табиғаты" атты фотобайқау жариялады

Нұр-Сұлтан. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "National Geographic Qazaqstan" журналының редакциясымен бірлесіп "Қазақстанның тұмса табиғаты" атты алғашқы республикалық фотобайқау өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сараптау комиссиясының құрамына кәсіби шетелдік және отандық фотографтар, фотосурет саласындағы сарапшылар, БАҚ өкілдері кіреді. Байқауға әуесқойлар фотографтар мен 18 жастан асқан кәсіби мамандар қатыса алады. Қатысушылардың жұмыстары 2021 жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін қабылданады. Жүлде қоры 1,5 млн. теңгені құрайды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 
Қатысушылардың жұмыстары 2021 жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін қабылданады. Байқау шарттарымен осы сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады. Осы іс-шара арқылы ұйымдастырушылар адам мен табиғаттың өзара қатынас мәселелеріне, табиғи әртүрлілікті сақтауға қоғамдық назар аударуды, қоршаған ортаны құрметтеу идеяларын кеңінен насихаттауды көздейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны